- Advertisement -

Мекемтастың шәкірті мемлекеттік тіл мәртебесін ойлайды

63

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігіжәне жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды тұғырынан түспей жалғаса беретіні айтылған болатын. Осы орайда тіл жанашырларына, әдебиетшілерге, жоғары және арнаулы орта, орта мектептің тіл мамандарына да жауапкершілік артылатыны белгілі.

Президент Жолдауын ілгерілету, ана тілге деген қызығушылықты арттыру ниетімен облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы  «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, әдебиеттерді оқырмандарға насихаттау, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамыту, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытып, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру, халқына,  тіліне  деген  құштарлығын  арттыру іс-шаралары аясында  Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қазақ және орыс тілі кафедрасының оқытушысы Жансая Қалиевамен «Қазақ тілінің мәртебесі» атты пікір алмасу өтті.

Пікір алмасу барысында тіл маманы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша, қазақ тілін шын мәнінде, білім мен ғылымның мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналдыру мақсатында  жүзеге асуы тиіс жұмыстар ауқымды екеніне толқталды. қазіргі таңда мемлекеттік тілді одан әрі  дамыту үшін ақын жазушылардың әдеби шығармалары мен өзге де әлемдік туындыларды заманауи технологиялармен оқырмандарға, оның ішінде  жас оқырмандарға  жеткізуге болатындығы,  қазақтың ақын — жазушыларының шығармаларынан челендждер, түрлі іс-шаралар, қазақтың шешендік өнерін  насихаттау аса маңызды екендігі айтты. Ол үшін өзіміздің ұлттық түп сананы өзгерту керек екендігіне аға оқытушы барша жиналғандардың назарын аударды.  Сонымен қатар Мағжан Жұмабаеватың, Мұхтар Әуезовтың кітаптарын студенттермен көбірек талдап, ерекше мән беретінін, Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзін жатқа білетіндігін айтқан кітапхана қонағы  қазіргі заманауи қазақ әйелі болудың қыр — сыры мен бөлісті.

Іс-шара соңында Жансая Дарханқызы  жарыққа шықпай қалған біраз  ақын-жазушылардың шығармаларынан ғылыми атақ қорғағанын,   Абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовтен тәлім алғанын қызықтырып айтыпайтты. Кейінгі жастарға заманауи ағыммен ой өрісін  дамытудың жолдарын айтып, кітапхана  ұжымына алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support