- Advertisement -

Қазақ тілінің мерейі — ұлт мерейі

308

- Advertisement -

Тіл – ұлттың мерейі.  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, бірнеше тілді білгеннің  беделі де биік,  қоғамда алар орны да ерекше болмақ. Тілге құрмет – елге құрмет. Сондықтан, елімізде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің маңызы ерекше. Біраз жылдан бері бұл мереке тіл ғылымын зерттеген көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5-қыркүйек күні аталып өтуде.                                                                       

Аалған мерекеге орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі өткізіліп жүрген  «Тіл жанашыры» жүлделері иегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, сөз сөйледі.

– Халқымыз  «Тілі жоғалғанның өзі жоғалады» дейді.   Бүгінде елімізде мемлекеттік тілімізге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіздік жылдарында ана тіліміздің деңгейі  біраз көтерілді.  Қазір біздің еліміздің тұрғындары 70 пайыз қазақ тілінде сөйлейді. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруі жергілікті ұлт өкілдерінің белсенділігіне тікелей байланысты. Өзіміз ең алдымен ана тілімізді құрметтей білсек, өзгедлер де құрметтейді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жақында жариялаған Жолдауында мемлекеттік тілді қолдау бұрынғыша қала беретінін, тіл саясатының маңызға ие екенін айтып өтті. Қазақ тілінің мерейі өссе, ұлт мерейі өседі. Тілге құрмет отбасынан, балабақшадан басталып,  оқу орындарынан жалғасын табуы тиіс.  Өз ана тіліңнен бөлек, өзге тілді  білудің де маңызы–өте зор. Ресми тіл саналған орыс тілі Біріккен Ұлттар ұйымындағы негізгі 6 тілдің қатарында. Ағылшын тілін білсең, әлем халықтарымен еркін сөйлесесің. Жастарымыз өз алдына бірнеше тіл білу туралы мақсат қойса, оның жемісін өздері көреді,-деген өңір басшысы облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлделерін марапат иелеріне  өз қолымен табыс етті. Атап айтқанда, «Тіл майталманы» аталымы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Қарымбаева, «Тіл мерейі» аталымы бойынша Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі №32 орта мектебі директорының орынбасары, украин ұлтының өкілі  Тарас Леоненко,  «Тіл шебері» аталымы бойынша Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, облыстық , республикалық  тіл байқауларының жеңімпазы, дүнген ұлтының өкілі Нұрзада Даутова,   «Тіл-қазына» аталымы бойынша облыстық «Тілдерді оқыту» орталығының аға әдіскері, мемлекеттік тілді оқыту әдістемелік құралдарының авторы Шынар Бахытбекқызы, «Тіл тірегі» аталымы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Бақтияр Бекназаров, «Тіл сақшысы» аталымы бойынша Тараз қаласы, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің қоғамдық қызметкері, «Жаңа-Ру» үкіметтік емес ұйымының еріктісі Жандос Байкөбеков марапатталып, әрқайсысы 300 мың теңге көлемінде сыйлыққа ие болды.

Жиында тіл жанашырлары Күлзинат Қарымбаева мен Тарас Леоненко сөз сөйлеп, тілге қамқор кісілерді қолдағаны үшін облыс әкіміне алғыс  айтты. Іс-шараны облыс әкімі қорытындылап, мемлекеттік тілге, жалпы тілдерді дамытуға деген белсенді жұмыстар алдағы уақыттарда да жүзеге аса беретінін айтты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support