- Advertisement -

Медицина саласы үлкен сынақты өткеруде

78

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларында денсаулық сақтау жүйесін  назардан тыс қалдырған емес. Президент бұл жолы да саланы серпілтуге  бағытталған қадау-қадау міндеттерге тоқталды. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені әлем елдерін әбігерге салған пандемия жаңа шешімдер қабылдауды талап етуде.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы қазынадан қомақты қаржы қаралатынын тілге тиек етті. «Бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керек», – деді Президент.

Коронавирус инфекциясының алдын алудың басты жолы екпе салдыру екенін Мемлекет басшысы бұған дейін де айтқан болатын. Жылдың басты құжатында да осы мәселеге айрықша тоқталды. «Бізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтардың таңдау құқығы бар. Елімізде жаппай екпе егу науқаны жүріп жатқанымен, қоғамда вакцинаға қарсы азаматтар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, өзге азаматтарды адастырады. Жаппай вакцинациялау қарқынды жүргенде ғана, біз қауіпті індетке тосқауыл қоя аламыз», – деді Президент.

Президенттің сөзінің жаны бар. Өйткені әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат тарататындар аз емес. Олар өзін ғана емес, өзгені де адастыратындығы сөзсіз. Сонымен қатар отандық QazVac вакцинасының қауіпсіз екендігінде күмән болмауы тиіс. Тіпті өзге мемлекеттер тарапынан да оған сұраныс түсіп жатқанын қаперден шығармауымыз керек.

Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Коронавиурс денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақытты ұттырмай індетпен күресу іс-шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ, Қазір Казвакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде», – деп атап өтті.

Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асуы тиіс. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де аянып қалмайды.

Гулам УМАРОВ,

облыстық қан орталығының директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support