Жаңалықтар

Президент Жолдауын тыңдады

Президент Жолдауын тыңдады

Облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтар ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфирден тыңдады. Сотталған азаматтар ел дамуының кезекті жолдарын айқындап беретін Мемлекет басшысының Жолдауын тапжылмай тыңдап, қандай әлеуметтік-экономикалық салаларға басымдық берілетіндігіне қанықты. Президент бұл жолғы Жолдауында Қазақстан тұрғындарының әл-ауқытының жақсаруына бағытталған бірнеше жоспарларды, атқарылуға тиісті міндеттерді саралай келіп, тиісті министрліктер мен ведомство басшыларына тың тапсырмалар жүктеді. – Жолдау жаңа бастамалардың басы. Биылғы Жолдауды тыңдай отырып, барлық салаға ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды, - дейді жазасын өтеушінің бірі.

Әбдуғани Құдайқұлов, ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы әділет капитаны.