- Advertisement -

Қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды

69

- Advertisement -

Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен ауылдарда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Байзақ, Базарбай, Жаңатұрмыс, Көкбастау ауылдарында орналасқан мектептер толығымен қалпына келтіріліп, бірінші қыркүйекте оқушыларды қабылдады.

Жібек жолы ауылындағы №5 мектеп ғимараты 1958 жылы салынған. Мұнда 115 бала оқиды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін кей жерлердің төбесі опырылып, қабырғалары, терезелері бүлінген. Ғимарат апатты жағдайда және күрделі жөндеуге жатпайды. Қазір 150 орындық жаңа ғимараттың құрылысына ЖСҚ дайындалуда. Жер телімі бөлінді.

Бүгінде №5 мектеп оқушылары қазір Жібек жолы ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан Жаңатұрмыс ауылындағы мектепке барады. Балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін арнайы автобустар бөлінген.

Қалған мектептер бүлінбеген және штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support