Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар
Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар
Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Жамбыл облысының басты жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтуде. Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, шараның мән-маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ жиында мемлекеттік органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, бизнес-қауымдастықтың жетекшілері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері Тәуелсіздік жылдарындағы егемен елдің жетістіктері, сондай-ақ, білім саласының дамуы мен мәдени жетістіктер, жастар саясаты саласындағы оң өзгерістер бойынша жан-жақсы баяндауда.