- Advertisement -

Құрылысты жеделдетуді тапсырды

86

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті рет Тараз қаласындағы бірқатар білім нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Бейбітшілік көшесіндегі №2 орта мектептің жаңа ғимаратымен танысты. Мектеп директоры Светлана Гурская жалпы оқушы саны 1043-ті құрайтынын тілге тиек етті. 318 орынға арналған жаңа ғимаратты мердігер «Талас Құрылыс» ЖШС салуда. Ішкі әрлеу және реттеу жұмыстарына 15 жұмысшы, 6 техника жұмылдырылған.Келесі кезекте Жауғаш батыр көшесінде орналасқан №22 мектептің 600 орынға арналған жаңа ғимаратының құрылысын көрді. 449 оқушы білім алатын оқу ордасының құрылысымен «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС айналысуда.

Нысан жоспар бойынша биыл қараша айында тапсырылуы керек десек, өңір басшысы жаңа мектепті мүмкіндігінше қыркүйек айының ортасына дейін пайдалануға беру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде мердігер компания өкілі жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтауға толық мүмкіндіктері жететініне сендірді.Ал мектептің ескі ғимараты қосымша білім беру орталығы болып қайта құрылуда. Облыс әкімі жұмыстардың сапалы жүргізіліп, ішкі безендірілуіне ерекше назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталып, мектеп оқушыларды қабылдауға дайын болу керектігін баса айтты. Білім беру мекемелерінің аумағын абаттандыру жайына да айрықша назар аудару керектігін жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support