Әдебиет

Жастық

The final spritzer

Жастық

10Сәулеш ШӘТЕНОВА.

(1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан және сексенінші жылы жастық шағы өткендерге арнаймын)   Жастыққа тән бе отыру үйде жан бағып, Жастықты біздер жабырқатуға арланып. «Жастық-ай, шіркін!» деу үшін біреу таңқалып, Жастықты біздер ерлік жасауға арнадық. Жастықтың білмей жалт етіп өтіп кетерін, Жастықта талай татқанбыз у мен шекерін. Жастықта жандық лапылдап, лаулап, от өріп, Жастықта білмей қорқыныш деген не екенін. Жастық-ай, шіркін, алмастай қылпып тұратын, Жастық қой осы – шыңға да шырқап шығатын. Жастықта міндік арғымақ арман жалына, Жастық-ай, көзсіз, айға ұшып, жарға жығатын. Жастықтан ығып тұрады қартаң ғасырым, Жастық-ай, cүйер сезімнің нағыз асылын. Жастықсыз ойдың ағзасы қурап шіриді, Жастықтың оны өртемесе егер жасыны. Жастыққа тән бе отыру үйде жан бағып...

Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru

Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ tursynbek-ak-zhol@mail.ru