- Advertisement -

«ASHYQ»-пен «қызыл» статусы бар 18 азаматқа айыппұл салынды

156

- Advertisement -

Үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін 18 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.  Он сегіз азаматтың 14-і Тараз қаласының, төртеуі Жуалы, Шу, Сарысу, Талас аудандарының азаматтары.

COVID-19 инфекциясына оң ПТР тест нәтижесі бар азаматтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және тағы да басқа нысандардың қызметтерін пайдаланған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.

Карантин талаптарын сақтау – әр адамның азаматтық міндеті. Ол өзін ғана емес, өзгелерді де, айналасындағы жақындарын да ойлауы керек. Олардың өміріне де жауапты екендіктерін ұмытпағандары жөн.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support