Әдебиет

«Жас романшы» атанған таланттар

«Жас романшы» атанған таланттар

Роман жазу үшін арада көптеген жылдар мен тәжірибе, кемелінен асқан сана­лылық керек деп жатамыз. Алайда, мұның бәрі стереотип қана: жазушы деген атақты жер ортасына дейін күтіп жүрудің қажеті шамалы. Ендеше, бүгін біз 30 жасына дейін әлемдік атаққа қол жеткізген жазушыларды еске салғалы отырмыз.

Әйгілі жазушы Владимир Набоков өзінің алғашқы романы «Машеньканы» жазып, 25 жасында танылған. Ол туындысын Вера Слонимге үйленгеніне бір жыл уақыт толғанда, 1925 жылы жарыққа шығарған. Автор бұл романын алғашқы махаббатына арнап жазыпты. Ең алғаш Берлиндегі келімсектерге арналған «Сөз» басылымында алғашқы жариялымы тарала бастайды. Бірден сыншы атаулының мадақ-қолпаштауына ие болып, тасы өрге домалап кете барған. Владимир Набоков одан кейін де, орда бұзар отыз жасында төрт бірдей роман қалдырып кеткен. Американ жазушысы Фрэнсис Скотт Фицджеральд 29 жасқа жетпей жатып-ақ бірнеше роман жазып, әңгімелер жинағын шығарып үлгерген: «Жұмақтың осы жақ бетінде», «Әдемілер мен қарғыс атқандар». Нобель сыйлығының иегері Эрнест Хемингуэй жастық шағында журналист болған. Қалған уақытында «Toronto Star» журналына әңгімелерін жіберіп тұрыпты. Онда ол америкалық туристерді келемежге салуға тырысады екен. Жазушылық жолдағы алғашқы жетістік «Фиеста» романынан соң келді. Сол тұста жазушы 27 жаста болған екен. Аталған роман 1920-шы жылдардағы Франция мен Италиядағы «жоғалған ұрпақ» өкілдеріне арналған. 2009 жылы «Newsweek» журналы «Фиестаны» «барлық уақыттың және халықтардың ең үздік 100 кітабы» қатарына қосты.

Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru

Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ tursynbek-ak-zhol@mail.ru