- Advertisement -

Жаңа баспананың кілтін зейнеткерге тапсырды

62

- Advertisement -

Ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да өз жалғасын тауып келеді. Жалпы биыл ауданда жоба аясында аз қамтылған және көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 13 үй салып беру жоспарланған еді.

Жақында жоспардағы баспананың бірі Т.Рысқұлов  ауылдық округінде пайдалануға берілді. Жаңа баспананың кілті зейнеткер Қоблан Жүсіповтың отбасына салтанатты жағдайда тапсырылды. Бұл салтанатты іс-шараға аудан әкімі Руслан Нұрсипатов қатысып, баспана иелеріне елдің құттықтауын жеткізді.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облысымызда бастау алған «Асарлатып үй салу» жобасы бүгінде өз нәтижесін беруде. Өткен жылы осы жоба аясында ауданда 14 үй салынып, пайдалануға берілсе, биыл жаңа баспананың лентасын қиып отырмыз. Бүгін біз бұл жоба – халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын арттырып отырғанын көріп тұрмыз. Жобаны іске асырудағы мақсат – тек мұқтаж адамдарды баспанамен қамту ғана емес, оның астарында халықтың ынтымағы мен берекесі жатыр. Сондықтан бүгінгі үлкен игі іске атсалысқан барлық азаматтарға аудан жұртшылығы және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін, – деді ол.

Сөйтіп жобаға үлес қосқан ауылдың белсенді азаматтарын аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.

 

Альбина СОВЕТХАН,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

 Меркі ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support