- Advertisement -

22 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

154

- Advertisement -

Елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға қарамастан биылғы жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталатынын бұдан бұрын да хабарлаған болатынбыз.  Облыста  биылғы оқу жылында 442 мектепке 240 мыңнан аса оқушы барады. Ал 1 сыныпқа болжаммен 22  мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде. Бүгінде 21 603 бала қабылданып қойды. Ал ұстаздардың 98,6 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова тарқатып айтты. Сондай-ақ брифингке  облыс бойынша  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева да қатысып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының жүргізілу барысына кеңінен тоқталды. Департамент басшысының сөзінше, білім ошақтарының барлығы бүгінде «Ashyq» жүйесі арқылы жұмыс істейді. Ал шектеулерді сақтай отырып, балабақшаларда 20-25 балаға дейінгі топтарда штаттық режимде жұмыс істеуге болады. Өз кезегінде мектептердің барлық 1-11 сынып оқушыларына қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі оқыту форматын жүргізу, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындары  студенттерін де осы форматта оқыту ұсынылатын болады.

«Бірінші қыркүйекте болатын салтанатты іс-шара мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы «Әліппе» табысталады. 2-11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинетке барып, тақырыптық сынып сағатына қатысады. Сабақтың ұзақтығы 45 минут болып, күнделікті бағалау жүйесі әрі қарай жалғаса береді», – деді Д.Ускумбаева.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Елеуқызының айтуынша, 2022-2023 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін 3,1 миллиард теңге қаржы бөлінген.

«Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100 пайыз  қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күні оқулықтарды баспадан тасымалдау жұмыстары басталды. Ол жұмыстар 15 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде. Ал облыс мектептері оқу үдерісінде пайдаланатын жұмыс қалпындағы 52797 дана компьютермен жабдықталған», – деді Ж.Бекбатырова.

Брифингте апатты жағдайдағы мектептердің де  мәселесі сөз болды. Облыста 3 апатты, 6 үш ауысымды, 6 орын тапшылығы бар мектептер бар. Сала маманы осы жылы облыста 10 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп күтіліп отырғанын атап көрсетті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support