- Advertisement -

«Көңілді эстафета»

313

- Advertisement -

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Бұл күнді атап өту туралы жарлыққа 2003 жылдың 15 қарашасында сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

Содан бері бұл мереке тұрақты тойланып келеді. Жылда осы күні әр түрлі бұқаралық шаралар өткізіліп, ел спортының дамуына үлес қосқан жандарға құрмет көрсетіледі.

Биыл осынау мереке қарсаңында өңірлік ҚАЖ департаментінің жеке құрам қызметкерлері әртүрлі спорттық ойындардан өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар жүгіру, кір тасын көтеру, қол күресі, артқан тартыс, сынды спорт түрлері бойынша кім мықтыны анықтады.

Департаменттің жеке құрам бойынша инспекторы әділет майоры Дидар Рысбек салауатты өмірді насихаттайтын бұл күннің маңызы зор екенін тілге тиек етті.
— Тек қана спорт күні секілді айтулы даталарда ғана емес, тұрақты түрде спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз.Сол себепті, әр адам спортпен айналысуы керек-ақ. ҚАЖ саласында жұмыс істейтін қызметкер сөзсіз спортқа бір табан жақын болуы шарт, — деді Д.Рысбек.

Ал спорт күніне арналған сайыстың қорытындысы бойынша үздік спортшы-қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 ЖД-158/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support