- Advertisement -

Өзі құрастырған өрт сөндіру көлігін өндіріске енгізгісі келеді

110

- Advertisement -

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ержан Жылқыбаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға алғаш болып кірген тараздық тұрғын Г.Құсайынова жұмысқа орналасу бойынша өтінішін жеткізсе, көпбалалы ана Т.Покатилова Төле би көшесіндегі жатақхананы жөндеуден өткізуді сұрады. Қалалық филиал төрағасы бұл үйдің «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасына енгізілгенін айтып, алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Бұдан бөлек тұрғындар 15 мөлтек ауданына автобус жүргізу, «Кірпіш зауыты» алқабындағы көшелерге электр жарығын орнату, көшелерді жөндеу, Байзақ батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің қоқыс жәшіктерін тұрақты тазалау мәселелерін көтерді.

Қабылдауға жазылған-дардың арасында жеке мәселелерімен қатар, қоғамдық маңызы бар түйткілдерді  шешуге бағытталған жоба ұсынғандар да болды. Мәселен, өнертапқыш М.Аюбаев өрт сөндіру көлігін құрастыруға және оны өндіріске енгізуге қолдау көрсетуді сұрады. Қалалық филиал төрағасы бұл жұмыстардың қолданыстағы заңнамамен реттелетінін айтып, жобаның тиімділігін қарастыратынын жеткізді.

Партия филиалы төрағасы қабылдауға келген тұрғындардың тілек-өтініштеріне мұқиат назар аударып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support