- Advertisement -

Ақыл-ойдың кемеңгеріне құрмет

109

- Advertisement -

Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Тараз қаласындағы  Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шағын құраммен өткен шарада барлық карантиндік талаптар сақталды. Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов, Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев алғашқы лекте ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазімов, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдияр Түсіпов те баба рухына тағзым етті.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай облыс аумағында да бірқатар мәдени іс-шаралар карантин талаптарын сақтай отырып одан әрі жалғасты. Атап айтқанда Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби дефиле өткізді.

Ол іс-шараға облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықта тәрбиеленіп жатқан өнерлі де, дарынды оқушылар қатысып, өздері дайындаған бағдарламаларын  ұсынды. Олар хакім Абайдың  қарасөздерін айта келе, өлеңдерін жатқа оқыды.  Кеш соңында кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова Абай әлеміне құрметпен қараған оқушыларға сыйлықтар беріп, көрсеткен өнерлері үшін алғыс айтты.

Абай хакімді ардақтаған дәл осындай іс-шараны Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы да ұйымдастырды. Бұл іс-шара «Ұлылар үндестігі: Науаи мен Абай» деп аталды.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына негізделген іс-шара аясында Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі, тіл маманы Базарбай Дүйсенбаевпен онлайн кездесу ұйымдастырылып,  әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктері арқылы көпшілікке насихатталды. Бұл іс-шаралар барысында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы да белсенділік танытты.  Абай тағылымын асқақтататын мұндай кездесулердің жалпы көпшілікке, әсіресе, жас ұрпаққа берері көп.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support