- Advertisement -

Шексіз кино әлемі

135

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу,өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар фильмдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілім жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Оқырмандардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында карантин талаптарын сақтай отырып Режиссер Стивен Чбоскидың 2017 жылы экранға шыққан «Чудо» атты киносы онлайн форматта көрсетілді.

Көрсетілімде зағип жандар экраннан көрсетіліп жатқан кино немесе видео сюжеттердегі болып жатқан әрбір іс-қимыл, адамдардың қас-қабағындағы эмоцияларын дыбыстандырылған тифлопікір арқылы біліп, толықтай елестетіп, кино әлеміне қызығушылықтары артты.

Тифлокино жобасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тұрақты оқырмандарының сұраныстары бойынша жүзеге асып, киноны облыстық барлық көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандары кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасынан тамашалады.
Кино соңында зағип жандар кері байланысқа шығып, үйдегі бос уақыттарының тиімді өткенін айтып, арнайы кітапханаға тифлопікі бар киноны көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support