Спорт және туризм

Таразда өткен дүбірлі дода

Таразда өткен дүбірлі дода

Облыс орталығындағы сәулеті ерекше «Тараз-Арена» спорт сарайы пайдалануға берілгелі бері жамбылдықтар көптеген республикалық, халықаралық додаларды көріп, тамашалауға мүмкіндік алды. Соның бірі – Таразда тұңғыш рет өткізілген қазіргі көпсайыстан ел чемпионаты. Айтулы додада жеті өңірдің спортшылары сынға түсті. Жарыс аса тартысты өтті. Жалпы жүлде қоры бойынша бірінші орынға талас алматылықтар мен жамбылдықтар арасында жүрді. Жерлестеріміз басты қарсыластарынан бір алтын жүлдені кем алып, жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының спортшыларына жол берді. Алматылықтардың олжалағаны – 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль. Жамбылдықтардың еншісіне тигені  – 3 алтын, 6 күміс, 6 қола жүлде. Үздік үштікті 3 алтын, 1 күміс медальмен атыраулықтар түйіндеді. Қоржынымызға алтын салған спортшылар Алексей Полутин (қос алтын алды) мен Ришат Рачапов болды. Қостан медаль алған Абдулазиз Әбдукаримовтың да командамыздың алға шығуына тигізген көмегі көп.

Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».