- Advertisement -

«Burabay Open» турнирінен олжалы оралды

84

- Advertisement -

Ақмола облысында таэквондодан «Burabay Open» ашық турнирі өтті. Әр санаттағы спортшылар арасында ұйымдастырылған аталмыш додаға еліміздің әр қиырынан үш жүзге жуық үміткер қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл додаға Тараз қаласынан «Team Elnur» командасы да аттанған болатын. Команда құрамында бақ сынаған тараздық таэквондошылар ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

– Бұл жарыста бақ сынаған тоғыз оқушымның бесеуі алтын жүлдегер атанып, мерейімізді тасытты. Одан бөлек үш шәкіртіміз екінші орыннан көрінсе, бір баламыз үздік үштікті қорытындылады.

Өз салмақ дәрежелерінде Алмаз Арманұлы, Эвелина Морхат, Ирина Исмаилова, Ерасыл Мырзаханұлы, Санжар Сәлем үздік шықса, өзге де спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсете білді. Осы дода барысында чемпион атанған Арман Алмазұлы спорт шебері атағынан үміткердің нормативін орындады. Жалпы бұл аламанда біз бапкерлер көрсеткіші бойынша да топ жардық. Бес алтын алу есебінен жеңістің биік тұғырынан көріндік, – дейді спорт шебері, әрі жаттықтырушы Елнұр Абдрасилов қуанышымен бөлісіп.

Жалпы Бурабай жерінде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл додада шыңдалған таланттар талай жарыстарда жасындай жарқырап жүргені сөзсіз. Бұл жолы тараздық жас таланттардың сенімнің үдесінен шыға білгені шын қуантады. Олардың да зау биіктерді бағындыратынына еш күмән жоқ.

Табиғат Абаилдаев

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support