Шымкенттен табыспен оралды
Шымкенттен табыспен оралды
Таэквондодан ел біріншілігі Шымкент қаласында өтті. Айтулы доданың ерекшелігі – оған арнайы мамандандырылған спорт мектептерінің шәкірттері ғана қатысқандығында. Бір сөзбен айтсақ, бұл мектептердің өзара жарысы іспетті сын болды. Аталған жарыста жамбылдық таэквондошылар өздері тәлім алып жатқан спорт мектептерінің намысын абыроймен қорғап шықты. Жерлестеріміз ел чемпионатынан 6 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлдені олжалап оралды. Танзира Жақып, Гүлсезім Төліпбекова, Рахат Дулатова, Балауса Керімбекова, Ермек Түктібаев, Айнұр Тұрлыбек жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Ал Елдар Тагир финалда сүрініп, күміс жүлдені місе тұтты.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».