- Advertisement -

Төрт жасар бала терезеден құлап кетті

63

- Advertisement -

Нұр-Сұлтан қаласында төрт жасар бала көпқабатты үйдің терезеден құлап кетті.

«2 тамыз күні сағат 20:37-де полицияға Иманбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы терезеден төрт жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бала ата-анасымен бірге пәтерде болған. Ол ойнап жүріп терезенің тақтайына шыққан. Москит торына сүйенген ол, өкінішке қарай, құлап кетті. Баланың әкесі құтқарып үлгере алмаған. Алған жарақат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды», деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері елордада 25 бала терезеден құлап, олардың үшеуі қайтыс болды. Полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды және ашық терезе жанында ойнауға жол бермеуді сұрайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support