Жаңалықтар

«Қоңыр қызыл» аймақ пайда болады

«Қоңыр қызыл» аймақ пайда болады

«Қоңыр-қызыл» аймақ – тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ болып саналады.  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі Қаулысында инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші 70% - дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде «Қоңыр-қызыл» аймаққа енеді деп түсіндірілген. Қаулыға сәйкес, 2 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта демалыс күндері шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2 тамыздан бастап: – Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтататылады; – ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; – мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталады.