- Advertisement -

Шолу: Олимпиаданың он бірінші күні

22

- Advertisement -

2 тамыз күні Токиодағы еліміздің спортшылары жеңіл атлетика, каноэ мен байдаркада ескек есу, су добы, грек-рим күресінен сынға түсті. Осы спорт түрінде атлеттеріміз қол жеткізген нәтижелермен таныс болыңыздар.

Грек-рим күресі

77 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында Демеу Жадыраев алғашқы белдесуінде-ақ жапониялық Сёхэи Ябикуға (5:3) ұтылып қалды. Сёхэи финалға шыға алмағандықтан Демеу қола медаль үшін жұбаныш кездесуіне шыға алмайды.

Су добы

Қазақстандық ватерполшылар үшін Олимпиада аяқталды. В тобындағы соңғы бесінші матчта біздің спортшылар Австралияға 15:7 есебімен ұтылды. Өкініштісі қазақстандық ватерполшылар төрт жылдықтың басты бәсеесіндегі барлық ойында қарсыласқа жол берді. Осыған дейін біздің құрама Черногория (Montenegro) 19:12, Хорватия (7:23), Сербия (5:19) және Испанияға (16:4) қауқар таныта алмаған.

Артистік жүзу (Синхронды жүзу)

Жұптық сындағы еркін бағдарламада Александра мен Екатерина Немич 83,8667 ұпай жинап, 22 құраманың ішінде 17-орын алды. Енді ертең бұл жұптар техникалық бағдарламада кім мықтыны анықтамақ.

Жеңіл атлетика

Әйелдер арасында 100 метрге жүгіруден Ольга Сафронова өз тобында алтыншы орын алып, ширек финалға шыға алмады. Отандасымыздың көрсеткіші – 23,64 секунд. Ширек финалға 1-3 орын алған спортшылар өтеді.

Каноэ мен байдаркада ескек есу

Сергей және Тимофей Емельяновтар каноэде 1 000 метрге ескек есудің іріктеу кезеңінін сәтті бастағанымен ширек финалда тартысты сайыста канадалық спортшыларға жол берді. Сонымен қатар Наталья Сергеева да әйелдер арасында 200 метр қашықтықтың іріктеу айналымын сәтті бастап еді. Алайда екінші мүмкіндігінде 7-орын алып, сайыстан тыс қалды.

Бүгінгі бәсеке күнінен кейін Қазақстан делегациясы 3 қола жүлдемен 71-сатыға сырғыды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support