- Advertisement -

Мемлекеттік корпорацияның дамуы жүйелі іске асырылуда

77

- Advertisement -

Бүгінгі таңда халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысына еңгізіліп жатқан жаңа сервистер мен автоматтандыру бағытындағы жаңашылдықтар күн санап артып келеді. Ол дегеніміз мемлекеттік корпорацияның дамуының жүйелі іске асырылуы болып табылады.


Алдыңғы шекте тұрған жаңашылдықтар бірі, ол мемлекеттік баждарды QR-код арқылы төлеу, дайын құжаттарды үйге дейін жеткізу және тағы басқалар.

Тағы бір жаңашылдық іске асырылуға дайындалып жатыр. Ендігі кезекте әлеуметтік төлемдерді аудару мәселесін тұрғылықты тіркеуіне қарамастан, экстерриториалдылық қағидатын еңгізу арқылы, елдің кез келген ХҚО-да әлеуметтік төлемдерді ресімдей беру мүмкіндігін қарастырылуда.
Сонымен қатар, биылғы жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өзінің 5 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы күнге дейін біраз мемлекеттік қызметтер ХҚО арқылы көрсетіледі, сондай ақ ХҚО бөлімдеріне келмей үйден қызмет алуды үйрету «Азаматтарға арналған Үкіметтің» алдына қойылған басты міндеттердің бірі екенін қоса айтқымыз келеді. Ол үшін мемлекеттік қызметтерді алу eGov mobile қосымшасы Сіздер үшін жұмыс жасайды. Аталған қосымшадан бүгінгі күннің өзекті мәселесі болған Вакцина паспортын алуға да болады. Министр Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адамдарға ешқайда бармас үшін мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру міндетін бірінші кезекке қойып отыр. Ал ол тұрғыда ХҚО қосатын үлесі өте зор, сол бағытта азаматтарға жайлы жағдай жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

Еркін Жапаров,

Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы.   

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support