Жаңалықтар

Токио-2020: Боксшы Әбілхан Аманқұл ширек финалға өтті

Токио-2020: Боксшы Әбілхан Аманқұл ширек финалға өтті

Жерлесіміз Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездесті. Бірінші раундында өзбек боксшысы басым түссе, екінші раунда Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберді. Қазақ боксшысы үшінші кезеңде де алда болып, келесі айналымға өтті. Ширек финалда Әбілхан Аманқұл бразилиялық Эберт Консейса Соузамен кездеседі. Кездесу 1 тамызға жоспарланған.