- Advertisement -

Өңірімізде сайлаушылардың 90,66% дауыс берді

94

- Advertisement -

Облыс бойынша аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, сайлау тізімдеріне енгізілген 104 391 сайлаушылардың 94 642-сі сайлау бюлетендерін алды, ол жалпы сайлаушылардың 90,66 пайызын құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша аудандық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес, 38 ауылдық округтерде 111 кандидат сайлауға дауысқа түсті. Олардың 71 саяси партиялар ұсынған, 40 өзін-өзі ұсынғандар. Гендерлік құрам бойынша кандидаттардың 88-ер азаматтар, 23-әйелдер.

Сондай-ақ, ең көп үміткерлер  Жамбыл ауданында тіркелген, олар  Ерназар және Қаратөбе ауылдық округтерінде бір орынға 4 кандидаттан.

Облыс бойынша 89 сайлау учаскелерінде 557 саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, БАҚ өкілдері сайлау процесін байқауға қатысты.

Сайлау барысында сайлау комиссияларына ресми түрде арыз-шағымдар тіркелген жоқ.

«Бүгінгі сайлауға ең жасы үлкен қария Меркі ауданының тұрғыны 101 жастағы – Жамбылгүл Ахметова (1920 жылғы) — Андасбатыр ауылдық округте №297 УСК үйде дауыс берді. Ал Талас ауданында 98 жастағы Торебекова Сарсекул  Бостандық ауылдық округінің  Талапты ауылынан № 393 участок, үйден дауыс берді. Мойынқұм ауданында  Абдикеримов Серік 83 жаста Көкжелек ауылында №310 учаскеге келіп дауыс берді. Жамбыл ауданында үйден дауыс берген Тұткышбеков Кенен 92 жастағы сайлаушы үйінен дауыс берді», — деді С.Айдапкелов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support