- Advertisement -

Кестеден кешіккендер көп

150

- Advertisement -

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында салынып жатқан бірқатар нысандардың құрылыс жұмысымен танысты. Алдымен өңір басшысы «Анаға тағзым» орталығында болды. Нысанның құрылысын «Елім-Строй» ЖШС жүргізуде.

Облыстық сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Əбдешовтың айтуынша, өткен жылы құрылысы басталған орталықты биыл қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Ғимараттың алдына ана мен баланың ескерткіші орнатылып, нысанның сəулеттік келбетіне басымдық берілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталып, нысанның ішкі-сыртқы əрлеу жұмыстары мен ауласын абаттандыру жұмыстары ғана қалыпты. Мұнда 50 адам жұмыс істеуде. Ескерткіш демеушілердің күшімен тұрғызылуда. Оның жобалық құны 560 миллион теңгені құрайды.

Орталықтың құрлыс жұмысымен жан-жақты танысқан Бердібек Машбекұлы жаңа ғимараттың ішкі безендірілуін ұлттық нақышта жасауды нықтап тапсырды.

Келесі кезекте өңір басшысы құрылысы жүріп жатқан бірқатар білім ұйымдарында болды. Әуелі Оқушылар сарайы ғимаратының құрылысын көрді. Бүгінде орталық қасынан бой түзеп жатқан жаңа заманауи ғимараттың құрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Өткен жылдың шілде айында басталған нысанды мердігер осы жылдың қыркүйек айында тапсырмақ. Алайда, мұндағы құрылыс жұмыстары кестеден кешіккені былай тұрсын, бірінші қабаттан-ақ тоқтап қалыпты. Оның себебін мердігер бетон плиталардың уақтылы жеткізбеуінен деп түсіндірді. Жалпы облыста құрлысқа қажетті бетон қабырға құятын екі ғана зауыт болса, тапсырыстың көптігінен олар тиісті плитаны жеткізбеген. Оның үстіне қажетті қаржысы төленбегендіктен де зауыт мердігердің тапсырысын орындамай отырса керек.

Облыс əкімі Бердібек Машбекұлы мəселені тез шешуді тиісті басқарма басшыларына міндеттеп, мердігерге қажетті қаржыны бөліп, құрылыс материалымен қамтуды тапсырды.

Облыс әкімі №2 орта мектептің құрлысымен де танысты. Мұндағы мердігер компания «Талас құрылыс». Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Жоба бойынша тамызда тапсырылуы тиіс. Бірақ құрылыс жұмысы бүгінде бар болғаны 75-80 пайызға ғана атқарылған. Бердібек Машбекұлы мектептің жобасына көңілі толмады. Кейбір бөлмелердің тарлығын айтпағанда, асхананың өзі айналып жүре алмайтындай, бір шетте қысылып қалған. Одан бөлек, екінші жəне үшінші қабаттарға жылу, жарық басқа да жүйелер дəліздің төбесімен жіберілген. Ол қолайсыздық келтіріп тұр.

– Жобаға қол қоярда осының барлығын қарап, облыс əкімдігінің сəулет, қала құрылысы мен білім басқармалары өзгеріс енгізулері керек еді. Жобалауда көп кемшіліктер кеткен. Алда мұндай қателіктерге жол бермеу керек. Ал мектепті бірінші қыркүйекте пайдалануға беру үшін оның құрылысын 10 тамызға дейін талапқа сай сапалы аяқтауды тапсырамын, – деді облыс əкімі.

№22 орта мектептің де құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның құрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Жобаның құны 1 миллиард 376,6 миллион теңге. Өткен жылы басталған мектеп құрылысын мердігер қараша айында аяқтамақ. Бердібек Машбекұлы құрылысы аяқталуға таяған нысанды мерзімінен бұрын тапсыру қажеттігін айтты. «Бірінші қыркүйекке мектепті бітіруге мүмкіндік болатын болса оны жыл аяғына дейін созбай пайдалануға берейік. Алғашқы білім күні балалар жаңа мектепте білім алсын», – деді облыс əкімі. Мердігер тырысып бағатын болады.

Сапар соңында «Шалғай Қарасу» алқабында құрылысы жүріп жатқан мектептің құрылыс жұмысымен де танысқан болатын. Оның мердігері «ТемірСтройСервис» ЖШС. 600 орынға арналған мектептің құрылысына 2 миллиард теңге бөлінген. Екі жылға жоспарланған нысан биыл берілуі керек. Əзірге атқарылған құрылыс жұмыстары 50 пайызды құрап отыр.Бердібек Машбекұлы 1,5 ай құрылысы кестеден кешігіп келе жатқан мердігер өкіліне, «неге жұмыс жоқ?» деген сұрағына серіктестік өкілдері жауап бере алмады. Олар құрылыс жұмысын уақытында тапсырамыз дегенімен оған электр энергиясын тарту да тиісті мекемемен арада шешімін таппапты. Бердібек Машбекұлы бұл нысанды бақылауға алуды жауапты басқармаға тапсырды.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support