- Advertisement -

Партиялық емес бақылау орталығынан 194 байқаушы қатысады

140

- Advertisement -

Биылғы шілде айында облыстың 89 сайлау учаскесінде, ал кейінгі айларда 9 учаскесінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Бұған Партиялық емес бақылау орталығынан 194 байқаушы қатысады.

«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Асқар Қадырқұлов хабарлағандай, ұйым алдағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне белсенді түрде қатысады. Қазіргі уақытта орталық өзінің байқаушылары үшін бірқатар оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізуде.«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің төте сайлауы – Қазақстанды демократизациялау үрдісіндегі жаңа қадам. Ел Конституциясында белгіленген демократиялық қағидалар біздің елде әрі қарай да жүзеге асырыла береді. Болашақта аудан және облыс әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру жоспарлануда.Сайлау кезінде ең бастысы – оны өткізу барысында сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын сақтау, ол үшін бізде сайлауды бақылау саласында үлкен тәжірибесі бар топ құрылды. Біздің қоғамдық бірлестіктің атынан қатысатын тәуелсіз байқаушылар сайлаудың адал және әділ өтуіне өз үлестерін қосады деп сенемін», – деді Асқар Қадырқұлов.25 шілде күні Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлауы өтеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support