- Advertisement -

Арнайы кітапхана «Tiflo-Асхана» жобасын қолға алды

131

- Advertisement -

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру қабілеті нашар азаматтарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйрету арқылы оңалту және бейімдеу, дыбыс бойынша түрлі тұрмыстық аспаптарды анықтау, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, түрлі тағам түрлерін жасауды үйрету мақсатында облыста алғаш рет «Тiflo-Асхана» жобасын бастады.

Асхананың алғашқы қонағы Қазақ соқырлар қоғамының мүшесі, ақын, түрлі облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы, І топ көз мүгедегі Оңғарбаева Қолқанат болып, жеңіл, өте жұмсақ, құрамы дәруменге бай, тауық еті қосылған «Нәзіктік» салатын жасады.

Асханада еркін әңгіме өрбіп, отбасындағы қуаныштарын, үлкен шаңыраққа келін болып түскенде алғаш жасаған тағамдарын, үнемі тамақты өзінің әзірлейтінін, биыл облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» жобасына қатысып, марапатталғаны жайлы жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға асханада ас даярлауда ескеретін қауіпсіздік ережелерін айтып, арнайы кітапхананың асханалық жобасының зағип жандар үшін тағам жасауды үйренуге мол мүмкіндік екенін жеткізіп, жобаға қатысуға шақырды.

Арнайы кітапхана алдағы уақытта да облыстың зағип жандарына түрлі тағам түрлерін үйрету жұмысын жүргізеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support