- Advertisement -

Жамбылдағы жем-шөп жәрмеңкесін оң бағалады

191

- Advertisement -

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жем-шөп дайындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жем-шөп дайындау бойынша қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев, өңірлердегі ахуал туралы  облыс әкімдері баяндады.

Жем-шөп дайындау мәселелерін жедел шешу және оған тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Өңірлерде жем-шөп дайындау жоспарлары айқындалды. Биылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша 10,6 млн тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 44 пайызы дайындалды. Қосымша 1,6 млн тонна пішендеме, 2,1 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 6 млн тонна құнарлы жем дайындалады.

Шөп шабуды ұйымдастыру үшін 255,8 мың гектар алаңды құрайтын орман алқабы аумақтары ұсынылды. 6,5 мың шабындық бригадасы ұйымдастырылды, әкімдіктер 41,4 мың тонна жанар-жағармай материалдарын жеңілдікті бағамен қайта бөлді.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 170 мың тонна көлемінде 4-5 санатты арпа мен бидай сатып алуды қаржыландырды, қосымша 30 мың тонна компанияның ішкі резервтері есебінен қайта бөлінетін болады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі құрғақшылық кезеңінде фермерлерді жем-шөппен қамтамасыз ету жөнінде жедел шешімдер қабылдау және жүйелі жұмыс жүргізу бойынша міндет қойды», – деді А.Мамин.

Премьер-Министр жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыру, шабындықтар беру мәселелерінде өңіраралық өзара іс-қимылды нығайту, құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің қажеттілігі үшін жем-шөп қорын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

А.Мамин халыққа жем-шөпті қолжетімді бағамен сату мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, ұн тарту кәсіпорындарымен және құрама жем зауыттарымен меморандумдар жасасу қажеттілігі атап өтілді. Жамбыл облысының халыққа қолжетімді бағамен шөп пен жемді сату үшін арнайы жәрмеңкелер ұйымдастыру тәжірибесі оң бағаланды.

Премьер-Министр 200 мың тонна көлемінде мал азығы дақылдарын форвардтық сатып алуға «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу мәселесін қарауды тапсырды.

     «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support