- Advertisement -

Құрбан айт – ізгілік мерекесі

104

- Advertisement -

Құрметті жерлестер!

Сіздерді «Құрбан айт» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – еліміздегі барша ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен ізгілікке, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін, қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып кеткен мейрамдардың бірі. Себебі, дана халқымыз ықылым замандардан бері отбасы мен ағайын- туысты, жақындарды құрметтеп, бауырмашылдықты ту еткен.

Ізгілік нұрын себу, мұқтажға көмектесу – ежелден-ақ қанымызға сіңген абзал қасиеттер. Исі мұсылманның Құрбан айт мерекесі мемлекетімізде үлкен құрметке ие әрі ұлттың ынтымағын арттыруға үлес қосып келеді. Бұл мерекенің басты мәні – сыйластықты арттыру, жақсылық жасау, сыйлық сыйлау, мұқтаждарға көмектесу.

Осы мерекеде ізгі амалдар жасап, құрбандық шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға жәрдемде су, науқас жандардың көңілін сұрау сауапты іс екенін баршамыз білеміз. Бұл күні отбасы мен туған-туысты, жақындарымызды құттықтап, жылы сөйлеп, көңілін көтеру, елді бірлікке шақыратын амалдар жасаған игі іс болмақ.

Бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирустық пандемия өміріміздің барлық салаларына өзгерістер енгізді. Биыл да Құрбан айт мерекесін карантин жағдайында қарсы алуға тура келіп отыр. Осыған түсіністік танытып отырған баршаңызға алғысымды білдіремін, өзгелерді де о сыған шақырамыз.

Елді бірлікке шақыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт- береке тілейміз.

Бердібек САПАРБАЕВ,

облыс әкімі.

Махметғали САРЫБЕКОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support