Жаңалықтар

Еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Елімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Әр тәулік сайын елімізде кемі 5 мың адамнан COVID-19 инфекциясы ПТР-тест арқылы анықталуда. Жағдай ешбір облыста тәуір болмағандықтан 17 өңірдің 15-і бүгінгі күні «қызыл» аймақта. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары.