- Advertisement -

Тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған жоба шын мәнінде не берді?

165

- Advertisement -

Облыс тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобаның өңірімізде жүзеге асырылып жатқанына екі жыл болды. Жобаның бес бағыты бойынша 8,4 миллиард теңге несие таратылып, тиісті қаржы толық игерілді. Бұл қаражаттың 7,2 миллиард теңгесі респуликалық бюджеттен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы 2,5 пайыз жеңілдікпен 2489 адамға таратылды. Облыстық бюджеттен «Тараз» МҚҰ» ЖШС арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауыл шаруашылығы техникаларына 1,2 миллиард теңге несие 5 пайыздық жеңілдікпен берілді.

Бұл жобаға облысымыздың 10 ауданынан 11 ауылдық округке қарасты 25 елді мекен қатысты. Яғни, жобаға 2478 тұрғын қатысып, аталған округтерде 11 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды.

Бес бағыт бойынша таратып айтар болсақ, «Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағытында» 51100 тұрғыны бар 8337 ауланың 7856 ауласы жобаға қатысты. Ал мал шаруашылығын дамыту бағытында несиелендірілген 2454 азамат 45032 бас төрт түлікті сатып алып, жобаға өз үлестерін қосты. Ауыл сыртындағы жер телімдерін тиімді пайдалану бағытында құрылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативі 10113 гектар алқапты 228 шаруа қожалығымен бірлесе игеруде. Жоғарыда айтқанымыздай жаңа құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері 190 дана ауыл шаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен алып жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бағытында бүгінге дейін 11 жоба (кәсіп) іске асырылған.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, бірінші бағыт бойынша үй іргесіндегі 932 гектар жер теліміне жеміс-жидек, көкөніс және бақша өнімдері егілген. Оған қажетті тұқымды алуға ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаражатына 125, 9 миллион теңге несие берілген болатын.

Бұл қаражатқа 472 тонна тұқым, 220 тонна минералдық тыңайтқыш, 64,7 мың литр жанар-жағармай мен 924 литр химиялық қорғау заттары алынып, пайдаланылды. Осылайша үй іргесіндегі жер телімінен өткен жылы 978,7 миллион теңгені құрайтын 11,5 мың тонна өнім жиналған. Үй іргесіндегі жер телімдерін игеру 2019 жылмен салыстырғанда 2503 аулаға, яғни бүгінде 329 гектарға артып, өсім – 155 пайызды құраған. Осылайша үй іргесіндегі жер телімі өткен жылдармен салыстырғанда 10 гектарға ұлғайып отыр.

Бұдан бөлек, жалпы көлемі 2 гектар алқапты құрайтын 14 жылыжай салуға 119,2 миллион теңге несие берілген еді. Бүгінгі таңда бірінші айналымнан 150 тонна өнім жина лс а, екінші айналымда ол жылыжайлардан 300-350 тонна өнім жинау жоспарлануда.

Мал шаруашылығымен айналысып отырған 2454 жеке тұлға 6,4 миллиард теңгеге 45032 бас мал алды. Таратып айтсақ, оның 7589-ы мүйізді ірі қара, 6793- і жылқы, 26 650-і қой-ешкі, 4 мыңы құс. Бұдан бөлек 500 миллион теңгеге мал азығы сатып алынған. Оның ішінде, өзге өңірлерден Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан 5680 бас мал сатып әкелінген. Сатып алынған барлық ауыл шаруашылығы жануарлары қажетті ветеринариялық бақылаудан өткен және ауыл шаруашылығы жануарлардың бірегей дерек қорына тіркелген. Жалпы жобаға қатысушы округтер бойынша өткен жылы 186 095 мал басы тіркелген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 37 308 басқа көбейген.

Осының есебінен ет өндірісі артқаны байқалады. Атап айтсақ, қанатқақты жоба аясында сатып алынған мал басын қосқанда, аталған округтер бойынша өткен жылы 4243 тонна ет өндіріліп ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 2758 тоннаға, яғни 2,8 е сеге жоғарылаған. Сондай-ақ сүт өндірісі өткен жылы 8 304 тоннаны құрап, 2 572 тоннаға артқан. Қайта өңделгені 17 тонна ет, 2 155 тонна сүт. Жалпы өндірілген өнім 8 миллиард теңгені құрады. Сондай- ақ жоба аясында бұрын малы болмаған 1066 отбасы мал алып, қора-жай салып отырған жайы бар.

Бұл жобадағы бір атап өтерлік тың жаңалық, ол ауыл сыртындағы игерілмей жатқан ұсақ шаруаларды кооперативке мүшелікке тартып, бірлесе игеру болатын. Бұл шаруа жоба аясында өз мақс атына жетті. Жалпы тұрғындардың ауыл сыртындағы 10113 гектар егістік алқапты игеруге қажетті сапалы тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау заттарын жобаға қатысқан кооперативтер алып беріп, бірлесе игеріп жатыр. Бұл мақсатқа 829 тонна тұқым, 688 тонна тыңайтқыш дайындалыпты. Мал азығымен қамтамасыз ететін 60,8 мың гектар жер белгіленсе, оның 10,1 мың гектары егістік, 50,7 мың гектары жайылым. Игерілген егістік жер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 мың гектарға ұлғайған.

Өткен жылы кооперативтер ауыл сыртындағы егістік алқаптарды 228 шаруа қожалықпен бірлесе игеріп, 1 миллиард теңгенің, яғни 20,7 мың тоннаға жуық мал азығын дайындаған еді. Сөйтіп алдыңғы жылмен салыстырғанда өнім 4500 тоннаға көбейген. Жиналған жем-шөп нарық бағасынан 50 пайыз төмен бағамен кооператив мүшелеріне таратылды. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Биыл арпа – 2119, бидай – 2440, жүгері – 435, рапс – 45, тағы басқа дақылдар – 334 гектар алқапқа орналастырылған. Кооператив шаруа қожалықтармен бірлесе отырып 3083 гектардың шабындығын орып, шаруашылық мүшелеріне таратты.

Қандай да бір шаруаны жүргізу үшін техника қажет. Әсіресе бұл жаңа құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін үлкен қолдау. Олар ауыл шаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен сатып алды. Қазіргі таңда, құрылған кооперативтерде 53 адам тұрақты жұмыс істеуде. Олардың 1509 мүшесі бар.

Бұдан бөлек, кооперативтерге аудандардың жер қорынан 1,4 мың гектар егістік, 12 мың гектар жайылым, 204 гектар шабындық алқаптар бөліп берілген. Статистикалық есеп бойынша өткен жылы кооперативтердің ақшалай айналымы 745,6 миллион теңгені құраған. Соның ішінде олар 9,6 миллион теңгеге техникалық қызмет көрсеткен. 6149 тонна өнім жинап, 5512 тоннасын шаруашылық мүшелеріне өткерген.

Жоба аясында өзінің жеке кәсібін ашуға 56,2 миллион теңге қаражаты берілген. Жалпы бүгінгі таңға дейін 135 тоннадан астам өнім өндіріліп (нан, шұжық, шырын, ара, балық, кондитерлік өнімдер), 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қорыта келгенде айтарымыз, облыс тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жоба не берді? Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Қайрат Аманов «Қанатқақты жобаның аясында 2282 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді» дейді. Осылайша жұмыс таппай жүрген жұмыссыздар өз- өздерін жұмыспен қамтыған. Жалпы жобаға енген округтердегі жеке кәсіпкерлер саны бүгінгі таңда 3248-ге жеткен. Бұдан бөлек, 589 жұмыс орны ашылған. Жоба басталғанға дейін ол округтерде 1615 адам атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, бүгінде олардың саны 1058-ге қысқарып, 65 пайызға кеміген. Жұмыссыздар саны 528 адамнан 334-ке дейін азайған. Ал жобаға қатысушылардың орташа табыс көлемі 73 мың теңгені құраған.

Бұл жоба биыл өз жалғасын табады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жобаға 20 ауылдық округтің 39 елді мекені енгізілген. Жобаны жүзеге асыру үшін 11,5 миллиард теңге қажет.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support