Жалақы өседі

8

* Биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жалғасады. 600 мың педагог үшін еңбекақыны 25%-ға, 247 мың медицина қызметкері үшін біліктілік деңгейіне байланысты 20%-дан 30%-ға дейін арттыру қамтамасыз етіледі.

* Әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 21 мың штат бірлігін қамтумен 50%-ға ұлғайды.

* 82 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы артады. Биыл 1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің жалақысы 1,9 есе өсті. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылға дейін жыл сайын 30%-ға өседі.

* Жартыжылдықтың қорытын-дысы бойынша барлық 7 негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыс-тарында оң өсім байқалды.

* Биыл ҚР-да газдандыру деңгейі 53,8%-ға дейін жеткізіледі, бұл қосымша 140 мың адам үшін газға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

* «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады және 106 млрд теңгеге 1140 жоба іске асырылады. Жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.

* Биыл жыл соңына дейін елімізде 1015 мектеп жаңғыртылып, 200 мектептің құрылысы аяқталады. 14,3 мың орынға арналған 48 жатақхана пайдалануға беріледі.

Comments are closed.