- Advertisement -

Шексіз кино әлемі

183

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілім жұмысын тұрақты түрде жүргізуде.

Бүгін кино көрсетілімге көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернаттың оқушылары мен Қазақ соқырлар қоғамы мүшелерінің балалары және тұрақты оқырмандар қатысып, тифлопікірлі «Три богатыря ход конём» мультфильмі көрсетілді. Жас оқырмандар 1 сағаттан аса қызығушылықпен мультфильмді тамашалап, тифлопікірлі көрсетілімнің айырмашылықтары туралы және алғаш көрудегі әсерлерімен бөлісті. Көрсетілімді қолға алған арнайы кітапхана ұжымына алғыстарын айтып, тағы да көруге келетіндіктерін жеткізді. Сонымен бірге, кітапхананың тұрақты оқырмандары жанарсыз әлемнің қиындығын және өзіміз күнделікті көретін сәттерді бағалау мақсатында көздерін байлай отырып, балалармен бірге мультфильмді көріп, өмір құндылығын түсініп, зағип жандардың ойынан шығатын құнды көрсетілімді көбейту қажеттіген жеткізді.

Сондай-ақ кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, балаларға оқуға берілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support