- Advertisement -

Yildirim Holding Қазақстанда алғашқы кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысын бастады

224

- Advertisement -

Қазақстанда алғашқы кальцийленген сода өндіретін зауыт Жамбыл облысының Сарысу ауданында салынады. Жоба Yildirim Holding түрік компаниясының еншілес кәсіпорны Qazaq Soda ЖШС-на тиесілі. Жобаны іске асыру 2021 жылдың тамыз айына жоспарланған.

BI Group инновациялық құрылыс холдингінің компаниялар және EPC Archirodon халықаралық тобының құрамына кіретін ЅемАгсо Qazaq Soda химия өнеркәсібінің ірі объектісін құру үшін қытайлық CAMC Engineering және Dalian Dehua компанияларымен күш біріктіріп отыр.

Бірінші кезеңде зауытқа құйылған инвестициялар құны 400 млн долларды, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға дейін өнімді құрайды. Қуаты 500 мың тонна болатын бірінші кезеңді 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс кезінде жергілікті тұрғындар арасынан 1000-ға жуық маман тарту көзделуде. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 300 жаңа және 1000 жанама жұмыс орны құрылады.

Осы жобаны іске асырғаннан кейін ел әлемдегі жетекші сода өндіруші – Қытай, Түркия, АҚШ және Ресеймен бір сатыға көтеріледі.  Кәсіпорын Қазақстанға кальцийлендірілген сода импортынан 100%-ға кетуге мүмкіндік береді, елдің ішкі қажеттіліктерін толық жабады және таяу болашақта экспортқа жеткізуді бастайды деп күтілуде. EPC-F жобасы шетелдік инвестордың қатысуымен іске асырылады және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қазақстандық даму институтының қаржыландыруы үшін қаралады. Бұл салаға технологиялық құзыреттерді арттыруға және тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі ерекшеліктері:

* Әлемдегі ең тиімді және экологиялық таза технология

* Кәсіпорынға тікелей жақын жерде 100 жылдан астам мерзімге жоғары сапалы әктас пен тас тұзының қоры

* Инфрақұрылымға қолжетімділік: темір жол, су құбыры, электрмен жабдықтау (мемлекеттік қолдау)

* CO2/NOx/SO2 шығарындыларының ең төменгі деңгейімен қалдықсыз технология

* Кальцийленген сода өндірісі кезінде қалдықтарды кәдеге жарату және процесті жетілдіруге байланысты бес жеке патент

* Дистилляциялық шламнан жанама өнімдер өндіру (жылына 500 000 тонна шикі CaCl2 және жылына 100 000 тонна NaCl)

Дамианос Эфтимиадис, SemArco бас директоры:

«Зауыт Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД үшін ең ірі химиялық кәсіпорынға айналады. Қазіргі уақытта еліміз жылына 350 мың тонна көлемінде кальцийленген сода импорттайды, алайда, біз сұраныстың артуын күтіп отырмыз. Сода шыны, химия, металлургия, тау-кен және тоқыма өнеркәсібінің 100-ден астам саласында қолданылады. Алдын ала бағалаулар бойынша, Сарысу өңірінде тас тұзы мен әктастың едәуір қоры бар, олар ғасырлар бойы жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан жаңа зауыт қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарына қызмет ететін болады. Біздің бірлескен жобамыз еліміздің әлеуметтік, экономикалық және технологиялық дамуына қуатты серпін береді».

Ван Юхан, CAMCE президенті:

«Қазақстан мен Қытай бұрынғыша «Нұрлы жол» мен «Бір жол, бір белдеу» бастамасын терең байланыстыру, екі елдің ортақ ілгерілеуі мен өркендеуіне қол жеткізу үшін халықаралық аренада өзара қолдауды нығайту арқылы жан-жақты стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілді. «Going Global» стратегиясына қатысатын Қытайдың негізгі кәсіпорындарының бірі ретінде CAMCE мұнай-химия, жаңа энергетика, экологиялық ауыл шаруашылығы, медицина және басқа салалардағы қазақстандық нарықтардың мүмкіндіктерін зерттей отырып, өнеркәсіптік әлеует саласындағы қытай-қазақстандық ынтымақтастыққа белсенді қатысып келеді және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жоба CAMCE-тің Қазақстанның химия өнеркәсібіне қатысуы үшін серпіліс болып табылады. Екі үкіметтің басшылығымен, қазақстандық әріптестеріміздің бірлескен күш-жігерімен, CAMCE әлеуеті саладағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын тереңдетуге және Қытай-Қазақстан даму қоғамдастығын ілгерілетуге бұдан да үлкен үлес қосады».

Метин Октай, Yildirim Holding ТМД және РФ өкілдігінің вице-президенті:

«Біз бұл маңызды жобаны әлемге әйгілі сарапшы және сода күлі мен дериват өндірісінің бас директоры Исмаил Джейлан мырзаның басшылығымен бастауға қуаныштымыз. Металлургия және тау-кен өнеркәсібі үшін зор әлеуетінің, сондай-ақ химия өнеркәсібі үшін Орталық Азияда стратегиялық орналасуының арқасында Yildirim Holding өзінің еншілес компаниялары Yilmaden Holding және Qazaq Soda ЖШС арқылы Қазақстанды инвестициялар үшін қолайлы ел ретінде айқындады. Шын мәнінде, 2013 жылдан бастап Yildirim Holding Қазақстанға 500 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады және бұл жаңа инвестиция біздің осы ұлы елдің әлеуетіне деген адалдығымыз бен сенімділігіміздің дәлелі болып табылады».

Серіктестер туралы анықтамалық ақпарат:

Yildirim Holding – түркиялық инвестор компания. Ол пайдалы қазбалар мен ферроқорытпаларды өндірумен, тыңайтқыштар мен химикаттармен, құрылыспен және жеке инвестициялармен айналысады.

SemArco –кешенді өнеркәсіптік жобаларға, инфрақұрылымға, теңіз жобаларына және инжинирингке маманданған EPC-компания. Компанияның құрылтайшылары тең үлестегі BI Group және Archirodon болып табылады.

BI Group – аса ірі инновациялық құрылыс холдингі, ҚР құрылыс саласының көшбасшысы. Қазақстан мен Өзбекстан нарығында 26 жыл бойы жұмыс істеп келеді. ENR TOP 250 GLOBAL CONTRACTORS құрылыс салушылардың әлемдік рейтингісіне кіреді.

Archirodon – 1959 жылы құрылған және төрт құрлықта жұмыс істейтін ірі әртараптандырылған EPC халықаралық тобы. Бүкіл әлем бойынша теңіз және энергетика секторларындағы 260-тан астам ірі жобаны сәтті аяқтаған.

Dalian Dehua Engineering (DHDC) — кальцийленген сода өндіру бойынша жобаларға маманданған әлемнің жетекші институттарының бірі.

Сһіпа CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) — өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, гидротехника, энергетика, мұнай-химия және тау-кен өндіру салаларында жүзге жуық ірі жобаларды іске асырған қытайлық корпорация.

Qazaq Soda баспасөз қызметі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support