- Advertisement -

122 кандидат ұсынылды

125

- Advertisement -

Өңірдегі ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсынудың нәтижелері белгілі болды. Ең көп үміткерлер Жамбыл ауданында тіркелген. Онда бір орынға 4,2 үміткерден келіп тұр. Ал облыстағы орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрады. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты.

Оның айтуынша, Жамбылда сайлау процесі басталғаннан бері ауылдық округ әкімдеріне 122 кандидат ұсынылған. Ал 9 шілде күні ұсыну мерзімі аяқталды, әр округке екіден көп кандидаттар тіркелді. Ұсынылған кандидаттардың 76-сы, яғни, 62 пайызы – саяси партиялардан болса, 46 адам (38 пайыз) – өзін-өзі ұсынған.

«Nur Otan» партиясынан – 31 кандидат, «Ауыл» ХДПП – 16 кандидат, «Ақ жол» ҚДП – 16 кандидат, «АDAL» саяси партиясынан – 2 кандидат, ҚХП – 11 кандидат. Ұсынылған 122 үміткердің орташа жасы 39,8-ді құрайды. Ал 25 үміткер, яғни 20 пайыздан астамы әйелдер», – деді С.Айдапкелов.

Брифингте тілшілер кандидаттардың кәсіптік санатын сұрады. Спикердің айтуынша, олардың 56-сы мемлекеттік қызметшілер болса, 36-сы бюджет саласының жұмыскерлері екен. Ал 7-еуі коммерциялық құрылымдардың еңбеккерлері, 5-еуі жұмыссыздар қатарынан, 14-і қазіргі таңда ауылдық округ әкімі қызметтерін атқарып жүр. 4-еуі басқа санатқа жатады.

Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Ол 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркегеннен кейін сайлау алдындағы үгіт басталып, сайлау күні алдындағы күннің 00 сағатында аяқталады. Яғни, 15.07- 23.07.2021 жылы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support