- Advertisement -

Ұлттық құраманың он пайызы – жамбылдың жігіттері

83

- Advertisement -

Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ұлттық спорттың да жас ұрпаққа берер тағылымы мол. Себебі, қазақ халқының спорттық ойындары   төзімділікке баулиды. Мәселен, көкпар ойынында нағыз мықтының мықтысы топ жарса, қазақ күресінде де жүрегінің түгі, білегінің күші бар балуанның ғана бағы жанатыны белгілі. Сондықтан, ұлттық спорт түрлеріне, оны дамытып жүрген азаматтарға қолдау қашанда керек — ақ.           

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы  «Жеңіс» саябағында ұлттық ойын түрлері бойынша өңіріміздің атын шығарып жүрген спортшылармен кездесіп, жеңімпаздардың өзекті мәселелеріне құлақ түрді.

– Өңірімізді дүниежүзіне танытатын спорт қашанда – маңызды. Мемлекетіміздің Әнұранын  әлемдік аренада   шырқатып, еліміздің көк байрағын   желбіретіп жүрсіздер. Сіздердің арқаларынңызда қазақ халқын білмейтін мемлекеттер аз. Сондықтан, спортқа деген қолдау ерекше қажет.  Мемлекет тарапынан спорт саласын дамытуға қомақты қаражат жеткілікті бөлінуде. Облысымызда  тұрғындардың 32 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануда, бұл көрсеткішті 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін аудан орталықтарының барлығына жабық спорт нысандары салынды. Енді елді мекендерде де осындай спорттық нысандар салынатын болады. Әр ауылда футбол алаңдары, жаңадан салынған мектептерде барлығында еңселі спорт залдар қамтылатын болады. Мұның барлығы спортты дамыту үшін. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 10 пайыз ойыншылары Әулиеата өңірінен екені қуантады. Көкпардан  «Әулиеата» командасы 11 рет еліміздің чемпионы болуы – ерекше жоғары нәтиже. Оған қоса жамбылдық жас көкпаршылар құрамасы 6 рет, жасөспірімдер құрамасы 3 рет ел чемпионы атаныпты. Жақында Астана күні мерекесіне орай  Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыста өнерпаздар арасындағы көкпардан да жерлестеріміздің мерейі үстем болғаны – қандай қуанышты. «Қазақстан барысы» турнирінде жерлесіміз Бейбіт Ыстыбаев секілді үш рет жеңімпаз болған спортшы жоқ. Жақында Астанада оныншы рет өткен «Қазақстан барысы» турнирінде жамбылдық Ғалымжан Қырықбай «Күміс белдеу» иеленіп қайтқаны да жақсы жетістік. Осындай жеңісті жолдар жалғаса берсін.

 

Токио Олимпиадасына біздің өңірден 9 спортшы қатысады. Оларға да жеңіс пен сәттілік тілеймін. Айтыңыздар қандай ұсыныс, өтініштеріңіз бар?Ашық әңгімелесуге келдім, -деді Бердібек Машбекұлы.

Мұнан соң   «Әулиеата» ұлттық спорт түрлері клубының директоры Нұрдәулет Момынов алдағы қыркүйекте 4 жыл сайын өтетін республикалық  «Ақбидай» ауыл спорты ойындары жалауын көтеретінін, сол бәсекеге   қосымша жақсы аттар алуға қолдау көрсетсеңіз деген ұсынысын айтты.  Биылғы қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің «Күміс белбеу» иегері  Ғалымжан Қырықбай  жақында қол жеткізген жеңісін барша жамбылдықтардың жеңісі деп бағалап, облыстық спорт басқармасының қолдауы және даңқты балуан Бейбіт Ыстыбаевтың жанашырлығы ерекше болғанын айтты. Облыс әкіміне жылы лебізі және ұлттық спортқа жанашырлығы үшін алғысын білдірді. «Өнер» көкпары командасының капитаны Файзулла Сағынбаев та спортқа қолдауы үшін өңір басшысына алғысын айтып, жақында Елордада  жеңімпаз болған сәттері командаға сенім сыйлағанын, алдағы уақыттарда да ел сенімін ақтай беретіндерін айтты.

Жиынды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қорытындылап, өңірдің ұлттық спортын дамыту қашанда назарда болатынын, айтылған ұсыныстар тегіс ескерілетінін айтып,  орынбасары Дәулет Кәрібекке нақты тапсырмалар берді.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support