- Advertisement -

Тимофеев «Street Workout» салып берді

66

- Advertisement -

Бүлдіршін балаларға қуаныш сыйлаған қандай жақсы! Жақында Гродеков ауылының балалары шаттыққа кенелді. Оларды қуанышқа бөлеп, талай жылғы армандарын орындап жүрген ауданымызға белгілі кәсіпкер – Андрей Тимофеев. Ол ауылдан заман талабына сай «Street Workout» ашып берді. Енді ашық аспан астындағы спорт алаңында ауылдың қара домалақ балалары жаттығатын болады.

«Street Workout» спорт алаңының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев сөз сөйлеп, бұл алаңның балаларға үлкен сыйлық, таптырмас тарту болғанына тоқталды. Белгілі кәсіпкердің бұл ісі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жүзеге асқан маңызды іс екенін, өзге белсенді азаматтарға үлгі болатынын айтып, аудан әкімінің атынан шынайы алғысын білдірді. Андрей Тимофеев «Туған жерге тағзым» және «Жомарт түлек» жобасына ерекше қолдау білдіріп, игі істерге белсене үлес қосып жүрген азамат. «Осы елдің тұрғыны болған соң, көпшіліктің пайдасына жарайтын игі іс жасауды өзіме парыз санадым. Алдағы уақытта да елдің игілігі үшін біраз жұмыстарды жоспарлап отырмын» дейді кәсіпкер ағынан жарылып.

– Ауылымызға қаладағыдай «Street Workout» салынғанына ризамыз. Балаларға уақыттарын тиімді өткізу үшін жасалып жатқан мүмкіндік бұл. Бәрімізге қуаныш сыйлаған демеушіге рақметімізді айтамыз, – деді ауыл тұрғындары. Бұл спорт алаңын ересектер де пайдалана алады. Олардың таңертеңнен бастап дене шынықтырып, түрлі жаттығулар арқылы белсенді қозғалысқа енуге мүмкіндіктері бар. Ашық аспан астындағы алаң әсіресе буын, қантамыр ауруларына шалдыққан ересектерді қатты қуантып отыр. Бұл ойын алаңы 20-дан астам түрлі снарядтан құралған. Қозғалыс құралдары түрлі жаттығуларға сәйкес жасалған әрі тегін.

Айта кетейік, осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-та пайда болған «Street Workout» спорттық бағыты еліміздің барлық өңірінде қарқынды түрде дамып келеді. Бұл спорт түрімен бүгінде округте 100-ге жуық жас айналысады. Енді бұл қатарды өзге ауылдық округтің спортшылары да толтырады деген сенімдеміз.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support