- Advertisement -

200 отбасыға 120 тонна азық-түлік үлестірілуде

138

- Advertisement -

Өңірімізде 200 отбасыға 120 тонна азық-түлік үлестірілуде. Бұл «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық шарасының екінші кезеңі аясында ұйымдастырылған игілікті іс. Қайырымдылық шарасына іліккен әр отбасыға 130 келіге дейін тауар, оның ішінде ұн, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шай, қант, күнбағыс майы сияқты азық-түлік, гигиеналық заттар және басқалар жеткізіп беріледі.

Қазіргі таңда азық-түлік себетін 100-ге жуық аз қамтылған көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалары бар жанұялар алып үлгерді. Солардың бірі – көпбалалы ана Альфия Жарылқапова. Алтын құрсақты ана өз сөзінде бұл бастаманың көпбалалы аналарға үлкен көмек екенін айта келіп, шараны ұйымдастырушыларға, әсіресе еріктілерге алғысын жеткізді. Ал көпбалалы ана Гүлбияз Девришоглы: «4 баланың анасымын. Мүмкіндігі шектеулі, ерекше балам бар. Тауарларды еріктілер әр үйге жеткізіп беріп жатыр екен. Мен өзім алып кетуге келдім. Азық-түліктен бастап, сабынға дейін бар. Көп-көп рақмет!» – деген тілегін білдірді.

Сауапты істің басы-қасында жүрген ерікті Арман Елемесовтің айтуынша, коронавирус пандемиясы қоғамда қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыруға дайын жандардың көп екенін тағы бір рет көрсетті. «Елбасы жылуы» да – коронавирус пандемиясынан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге бағытталған бастамалардың бірі.

– Іс-шара алғаш рет осы жылдың сәуірінде ұйымдастырылған еді. Азық-түлік өнімдері және аса қажет басқа да тауарларды Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарынан 681 отбасы алды.

Бұл жолы қайырымдылық шарасы Талдықорған, Орал қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Жамбыл облыстарында тұратын 1 000 отбасын қамтиды, – дейді ол.

Игі істе еріктілердің еңбегі зор. 50-ден астам ерікті күннің ыстығына қарамастан, тауарларды көлікке тиеп, көмек алушыларға тікелей өздері жеткізіп беруде.

– Бұл – біз үшін зор мәртебе. Қайырымдылық жасау – әр азаматтың парызы. Жастар осындай жандарға қарап бой түзейді, – дейді ерікті Аяулым Расылхан.

Нақтырақ айтсақ, көмек алушы әрбір жанұяға 25 кг ұн, 5 кг қант, 5 кг сәбіз, 10 кг пияз, 25 кг картоп, 10 кг күріш, 10 кг макарон, 5 литр күнбағыс майы, тағы да басқа ең қажетті тауар түрлері үлестіріледі.

Ауқымды шара бірнеше күнге жалғасады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support