- Advertisement -

Мұз айдыны мен бокс орталығының құрылысы басталды

182

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде капсула салу рәсіміне қатысып, мұз айдыны мен бокс орталығының құрылысын бастап берді.

Мұз айдыны 2000 орынға есептелген. Мұнда жергілікті билік әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге ниетті. Мердігер – «НефтеХимПрибор» ЖШС. Арена 2022 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ал бокс орталығының құрылысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілуде. Мердігер – «Тараз Строй 2004» ЖШС. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды.

– Қасиетті Әулиеата жерінің спорттағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Жас ұрпақтың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Жамбылдықтар Олимпиада тұғырына бірнеше рет көтеріліп, ел мерейін асырғаны белгілі. Бұл нысандардан алдағы уақытта да Олимпиада және әлем чемпиондарының жаңа легі өсіп шығады деп сенемін, – деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тараз-Арена» спорт сарайының жанындағы спорт қалашығын одан әрі кеңейте түсу жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Мұнда халықаралық стандарттарға сай келетін жеңіл атлетика манежі, теннис корты, үстел теннисі және көркем гимнастика орталығы салынады, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Тәуке хан көшесінен «Әулие ата» әуежайына дейінгі аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support