Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды астана күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды астана күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады. «Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.