- Advertisement -

Гродеково және Өрнек ауылында баспана берілді

69

- Advertisement -

Елордамыз өткен 22 жылда жалпақ дүние назар аударған әлемдік және халықаралық форумдардың алаңына айналып, мәртебесі биіктеді.

Бас қалада тарихи және мерейтойлық самиттер, съездер, қысқы Азия ойындары, «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтіп, төрткүл дүниеге танылдық.

Елорда күні мерекесінде Жамбыл ауданында жергілікті жұртшылықтың демеушілігімен көпбалалы екі отбасы баспаналы болды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген Гродеково және Өрнек ауылдарындағы баспананың кілттерін аудан әкімінің орынбасарлары Ерлан Қыдыралыұлы мен Олжас Баққараев отбасыларға табыс етті. Тұрғын үйге қол көмегін берген азаматтарға аудан әкімі Сәкен Арубаевтың Алғыс хаты табыс етіліп, ыстық ықыласы жеткізілді.
Өз кезегінде қуанышқа кенелген отбасылар елеп-ескеріп, көңіл сарайының есігін ашқан кілең жайсандар мен жақсыларға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support