- Advertisement -

Өңірді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

147

- Advertisement -

Партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұловтың төрағалығымен «Өңірлік даму» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасындағы көрсеткіштер қаралып, облыста туындаған резонансты мәселелер талқыланды.

Жалпы өңірдегі барлық деңгейдегі Жол карталарында 2021 жылға 10073 көрсеткіш белгіленсе, бүгінде оның 17% орындалған, 58,3%  орындалу үстінде, ал 173-інің мерзімі әлі келмеген.

Жиында алғашқы болып сөз алған ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев саладағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, шешу жолдарын ұсынды. Асыраушы салада жұмыссыздарды кәсіпкерлікке тарту, кооперативтер құру мәселелерін және «Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыру үшін қосымша қаражат қажет ететіндігі айтылды.

Сонымен қатар, Е.Құлкеев құрғақшылық салдарынан аудандарда малдың жаппай қырылып жатқандығы туралы таралған ақпараттарға да тоқталып, оның шындыққа мүлдем жанаспайтынын жеткізді. «Биыл ауа-райының қолайсыздығына байланысты өткен жылмен салыстырғанда өңірде жем-шөп мөлшері аз болып отыр. Дегенмен, қазіргі кезде шөп жетіспейтін аудандарға шөп дайындауға мүмкіндігі бар аудандардың аумағынан шөп дайындау ұйымдастырылуда. Мал азығын қамтамасыз ету үшін шабындық жерлерден бөлек сай-салалар, өзен арналарынан қосымша пішен дайындалуда», деді спикер.

Кеңес отырысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, білім басқармасы басшыларының, «КазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалы директорының баяндамасы тыңдалды. Баяндамашылар Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалмау қауіпі бар тармақтары туралы айтып, олқылықтың орнын толтыру бойынша қабылданған шараларға тоқталды. Мәселен биыл жоспарланған автобус парктерін жаңарту, облыстық, аудандық мыңызы бар жолдарды қалпына келтіру, Тараз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу, Шу ауданындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Меркі колледжіне 150 орындық жатақхана салу мәселесі алдағы жылдары шешімін таппақ.

Сондай-ақ, облыстық полиция Департаменті басшысының орынбасары Т.Оразымбетов қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бүгінгі таңда Меркі, Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарында орын алған жастар арасындағы қылмыс дерегі бойынша кінәлі және сезікті тұлғаларға қатысты бұлтартпау шаралары қолданып, аталған аудандардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіде.

Жиын соңында төрағаның бірінші орынбасары халық алдында берген уәдені орындау басты мақсат екендігін айтып, аталған кемшіліктерге жол бермеу үшін олардың орындалу барысына тұрақты талдау жасап отыруды тапсырды. Кеңесте көтерілген мәселелерге аудан әкімдері мен басқарма басшыларының назар аударуы қажеттігін ескертті.

Айгерім Иембердиева,

Партия облыстық филиалының баспасөз хатшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support