- Advertisement -

Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір

262

- Advertisement -

Тәңір берген дарынымен, қаламының қарымымен толғауы тоқсан тіршіліктің тынысын тап басып, түйіні тарқамаған түйткілдер туралы тынбай жазып жүретін, билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір рөлін абыроймен атқара білетін журналистер қауымының еңбегі ескерусіз қалған емес. Әсіресе Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесінде сала мамандарына лайықты құрмет көрсетілуде. Биыл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан келелі жиын Т.Рысқұлов ауданындағы «Тау самалы» демалыс орталығында өтті.

Салтанатты шарада облыс əкімі Бердібек Сапарбаев облыс журналистерін төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

– Мемлекет пен бұқараны жақындастыратын ақпарат саласы қызметкерлерінің еңбегі ескеруге тұрарлық. Олар өңірдің бар ақпаратын халыққа дер кезінде жеткізумен шектелмей, қоғамның дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді. Сондай-ақ журналистер өзекті мəселелерді көтеріп қана қоймай, олардың дер кезінде шешімін табуына да септігін тигізуде. Біз үшін журналистердің орны бөлек, – дей келіп, өңір журналистерінің еңбегіне жоғары баға берді.

 Осыдан кейін Бердібек Машбекұлы бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін ардагер журналистер Мейірбек Матенов пен Құрманбек Əлімжанды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Ал республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор- бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің директор-бас редакторы Дүйсен Молдақұлов, облыстық «АRAI» жастар газетінің бас редакторы Дəулет Төлендіұлы, «Jambyl» телеарнасы директорының орынбасары-бас редактор Айбол Қараш «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ еңбегі елеулі журналистерге Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің, облыс əкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатт ары, өзге де марапаттар тапсырылды. Олардың арасында «Aulieata media» ЖШС- ның қызметкерлері де бар (Суретте «Aq jol» газетінің дизайнері Оразкүл Әбдікерімова марапатталған сәт).

Осыдан кейін әріптестер қауымын жазушылар Елен Əлімжан мен Несіпбек Дəутаев жəне республикалық «Экспресс К» газетінің тілшісі Галина Выборнова құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арна лған іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support