- Advertisement -

Мереке күні марапатталды

33

- Advertisement -

Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан Республикасының полиция күні мейрамы атап өтіледі. Бұл күн осынау жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.

Тәртіп сақшыларының төл мерекесінде өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада мекеме бастығы әділет майоры Раушан Ахметов әріптестерін мерекелерімен құттықтады.

Баршаларыңызды Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүргендердің алдыңғы қатары — сіздерсіздер. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! Кәсіби мерекеміздің қарсаңында барлық ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін, — деді Р.Ахметов.

Айта кетейік, салтанатты шара соңында мекеменің үздік қызметкерлері марапатталды.

Айнұр Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің қызметкері

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support