Денсаулық

Полиция күні: Облыстық ҚАЖ департаментінде салтанатты шара өтті

Полиция күні: Облыстық ҚАЖ департаментінде салтанатты шара өтті

Өңірлік қылмыстық — атқару жүйесі департаментінде Қазақстан полициясы күні мен мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков жиналғандарды мерекемен құттықтап, мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын берілген офицерлік шендерін табыс етті. — Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада әрбір қызметкердің төзімділігі қажырлы еңбегі оның антына адалдығын көрсетеді. Ендеше, әрқашан биіктерден көрініп, елімізге адал қызмет ете беріңіздер, — деді Т.Жәнібеков. Бұдан бөлек, бұл күні міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге грамота табыс етіп, алғыс жарияланды.

Облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.