- Advertisement -

Қазіргі заманғы тиімді мемлекет

136

- Advertisement -

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мамандардың қызметі жайлы кеңінен мағлұмат беру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Саят Төлепбергенов   «Қазіргі заманғы тиімді мемлекет» атты онлайн кездесу өткізді.

Кездесуде мемлекеттің дамуындағы қызметшілердің рөлі, әдебі, өзін ұстауы, мемлекеттік қызметші болудың алғышарттары, тест тапсыруы жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке тұрудың жеңілдетілген шарттары, оның ішінде тест тапсыру мерзімінің арақашықтығы бұрын 6 ай болса, қазір 15 күннің ішінде қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болу жолдары айтылды. Сонымен бірге тестілеу бағдарламасының үш сатысы және ондағы тест тапсырмаларының маңызы мен корпустары туралы толық ақпарат берді.

Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының білімгерлері арасында мемлекеттік қызметшілер даярлау курстарының өтуі, жаңадан қызметке келген мамандарды оқу курстарынан өткізу, олардың әдептері мен киім үлгілері жайлы да ақпарат беріп өтті.

Саят Тұрсынханұлы өзі оқыған кітаптармен бөлісіп, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу эстафетасын жалғастыратынын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support