- Advertisement -

Қордайда компьютерлік томография кабинеті ашылды

375

- Advertisement -

«Мейірім» жекеменшік медициналық орталығы былтыр Меркі ауданынан диагностикалық орталықты іске қосып, онда магнитті резонансты тамография аппараты қойылғанда шалғай Шу, Қордай, тіпті бергі жақтағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары тексеруден өту үшін Таразға шабылмайтын болдық деп қуанған болатын. «Меркіліктер денсаулық жағдайын білуі үшін енді сонау Тараз бен Алматыға сабылмайтын болады», дей келе өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығына алыс ауылдардың азаматтарына сапалы, ең бастысы уақтылы диагностикамен қамту мүмкіндігіне қол жеткізілгенін баса айтқан. Енді міне, биыл Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Мейірім» медициналық орталығы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде Қордайда да алғаш рет компьютерлік томография кабинетін ашып отыр.

Ауданда ашылған диагностика кабинетінде заманауи жоғары технологиялық 80 көлденең кескінді компьютерлік томограф қойылған. Ол барлық ағза мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік беретін және тексерулердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін озық технологиялы аппарат.

– Короновирус пандемиясы кезінде біз короновирустық пневмония диагнозын қоюдың ең сенімді және негізгі әдісі болып табылатын компьютерлік томография екендігіне көз жеткіздік, бұл халық үшін ең қажет болды.Қордай ауданының тұрғындарына былтыр індет өршіген кезеңде томографияға түсіп-тексерілу қиынға соққаны белгілі. Енді қордайлықтарға өз ауданында қажетті диагностикалық қызметтерді алу мүмкіндігі пайда болды, — дейді «Мейірім» Тараз медициналық орталығының бас дәрігері, желінің басқарушы директоры Гүлчахра Маметова.

Ауылдық жерлерде КТ диагностикалық көмек сияқты жоғары технологиялық жабдықты орнату тиісінше медициналық көмектің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз. Бұл коронавирустық пневмония секілді дерттің асқынуының алдын алады.

Ардақ Үсейінова,

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support