Чичваркин Украинаның экономика министрі болғысы келеді
Чичваркин Украинаның экономика министрі болғысы келеді
Евгений Чичваркин Киевтегі Platfor.ma басылымына берген сұхбатында Украина экономика министрі болғысы келетінін айтты. «Мен Яценюкке қоңырау шалдым, мені онымен байланыстырмады. Экономика министрі лауазымы босаған кезде Порошенкоға қоңырау шалдым. Айттым: мені жұмысқа алыңызшы. Қайтып қоңырау шалмады. Мен әзілдеген жоқ едім. Мен тарифтік-кедендік саясатпен, салалық лоббимен айналыстым», – деді Чичваркин. Сұхбат барысында Чичваркин украин билігіне Донбасстағы ахуалды бәсеңдету мен экономиканы қалпына келтіруге қатысты бірнеше кеңес берді. Бизнесмен Украинаға Грузияның тәжірибесін қолдануды ұсынды. «Қазір, дәл осы күндері сіздерге Грузияда барлық салықты, алымды, құжаттар мен рұқсатнамаларды, басқа да ақымақтықтарды тазарту жөнінде қабылданған заңды қабылдау қажет. Барлық жол полицейлерін кетіріп, үш-төрт есе, тіпті, бес есе артық жалақыға үш не төрт есе аз адамды жұмысқа алу керек»,– деді ол. Еске сала кетейік, Евгений Чичваркин – миллионер, «Евросеть» компаниясының бұрынғы қожайындарының бірі, 2009 жылдың қаңтарында ол адам ұрлығы және ақша бопсалау туралы қылмыстық іс бойынша айыпталды. Ол Лондонда тергеуден жасырынып жүрді. 2010 жылы сот оны және істің басқа да фигуранттарын ақтады, содан кейін Чичваркинді қудалау тоқтатылды. Дегенмен миллионер Ресейге оралудан қауіптеніп жүрді.