- Advertisement -

Жаңа жұмыс орындарын ашқысы келеді

99

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Сен-Гобен» компаниясының Ресейде, Украина және ТМД елдері бойынша бас директоры Антуан Пейрюдпен кездесті.

«Сен-Гобен» компаниясы құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. Өткен жылы компания гипс құрғақ құрылыс қоспалары мен гипс плиталарын өндіруші «Жамбылгипс» акционерлік қоғамын сатып алған болатын.

Кезде суде Бердібек Сапарбаев «Жамбылгипс» АҚ өнімдері үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.

– Біз зауыттағы оң өзгерістерден хабардармыз. Қызметкерлер жалақыларын уақтылы алып, қысқартуға жол берілмегені қуантады. Кәсіпорын облыс экономикасының өсуіне өз үлесін қосуда. Жергілікті билік Мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнеске қолдау көрсетуге дайын, – деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев бизне стің әлеуметтік жауапкершілігі туралы да еске салып өтті.

Кездесу барысында қызметкерлерді оқытудан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға байланысты мәселелер көтерілді. Антуан Пейрюд өзара ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізіп, зауытты жаңғыртуға қатысты жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде «Жамбылгипс» АҚ әкімшілік кешені, бақылау-өткізу пункті жөнделіп, жаңа жабдықтар сатып алынған, қызметкерлер заманауи техникаға қол жеткізіп, арнайы киімдерге ие болды. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жетілдірілген. Компания гипсокартон өндірісін жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ниетті.

Тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін де талқылады.

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев жауапты басқарма басшыларына бюрократияға жол бермей, басқосуда көтерілген мәселелерді шешу бойынша шұғыл әрі нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support